ШҚО-да ат үстіндегі малшыға найзағай түсті

Фотография - ШҚО-да ат үстіндегі малшыға найзағай түсті

Зардап шегушінің кеуде тұсы мен оң жақ тізесі қатты күйіп, жарақат алған

2228 0

Оқиға Абай ауданындағы қыстақтардың бірінде болған. Күн райы күрт бұзылып, төбеден түскен жай оты ат үстіндегі малшыны ұрған. Жылқы сол жерде мерт болып, 49 жастағы ер азамат алдымен аудандық, кейін Семей қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізілген. Зардап шегушінің кеуде тұсы мен оң жақ тізесі қатты күйіп, жарақат алған. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлап отыр. Айта кетейік, облыс аумағында бірнеше күн жаңбыр жауып, күн бұлтты болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!