ШҚО-да адам қағып өлтірген полиция басшысының әйелі сотталды

Фотография - ШҚО-да адам қағып өлтірген полиция басшысының әйелі сотталды

25 жасар Бөтагөз Бағыжанова 30 жасар ІІД қызметкерін көлікпен қағып кеткен.

550 0

Өскемен қаласының №2 сотында әкімшілік полицияның бұрынғы басшысы Жанболат Бакғыжановтың әйелі Ботагөз Бағыжановаға қатысты сот аяқталды. Әйел қоныс колониясында екі жылын өткізеді, деп жазады Today.kz.  Сонымен бірге Бағыжанова бес жылға дейін жүргізу құқығынан айырылды.

Бағыжанова сот залында қамауға алынды. Жаза мерзімі 15 сәуірден есептеледі. Сонымен бірге сот зардап шеккен жақтың пайдасына сотталушыдан үш миллион теңге моральдық шығын өндіруге үкім шығарды.

ЖКО 26 желтоқсан күні кешкі уақытта Күленов атындағы ауыл маңында болған. ЖКО салдарынан ШҚО ІІД-нің 30 жасар қызметкері оқиға орнында көз жұмды. Кейін, адам қаққан әйел аймақтың әкімшілік полиция басшысының жұбайы еекні анықталды. Оқиғадан кейін полиция басшысы орнынан кеткен. Сонымен бірге көз жұмған ер адам мен оның өліміне кінәлі әйел жақсы таныс болғаны да анықталды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!