Қарағанды облысында үш адам кәріздің буына уланып қаза тапты

Фотография - Қарағанды облысында үш адам кәріздің буына уланып қаза тапты

Полиция қаза тапқандардың мүрдесін 14 сәуірде кешке 5 метр терең құдықтан алып шықты.

256 0

Қарағанды облысында металл сынықтарын жинап жүрген үш адам кәріздің буына уланып қаза тапты, деп хабарлады өңірдің ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 14 сәуірде сағат 16.35-те Абай ауданының Южный кентінде төрт ер адам металл қалдықтарын жинау үшін кәріз құдығына түскен.

"Қордаланып қалған газдан уланған үшеуі оқиға орнында көз жұмды. Біреуі құдықтан өзі шыққан. Қазір ол Топар кентіндегі орталық ауруханада жатыр", — делінген хабарламада.

Полиция қаза тапқандардың мүрдесін 14 сәуірде кешке 5 метр терең құдықтан алып шықты. Қаза тапқандардың жасы 28-33   аралығында.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!