Алматыда жекеменшік үйдің қора-жайы өртенді

Фотография - Алматыда жекеменшік үйдің қора-жайы өртенді

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

788 0

Бүгін Алматыда Әуезов ауданының Достық шағын ауданында жекеменшік үйдің қора-жайы өртенді, деп хабарлайды BNews.kz.

Алматы ТЖД мәліметінше, тілсіз жау туралы хабар сағат 11:02-де келіп түскен.

"Өрт сөндірушілердің алғашқы легі 9 минут өткен соң, сағат 11:11-де келіп жетті. Қора-жайдан шыққан өрт 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт жекеменшік үйге таралған жоқ. ТДЖ қызметкерлерінің жедел іс-қимылының арқасында тілсіз жау 11:25-те ауыздықталып, 11:47-де толығымен сөндірілді", - делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оттың неден тұтанғаны қазір анықталып жатыр.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!