Ақтауда нөсер жауыннан көшелерді су басты

Фотография - Ақтауда нөсер жауыннан көшелерді су басты

Коммуналды қызмет бригадалары жедел оқиға орнына аттанып, көмек көрсетуде.

283 0

Ақтауда толассыз жауып тұрған нөсер жаңбыр салдарынан көшелерді су шайды. Синоптиктердің болжамынша, жауын-шашынды ауа райы бүгін де сақталады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Зардап шеккендер жоқ. Коммуналды қызметке қоңырау шалып жатқан тұрғындар көп. Кейбіреулерінің ауласында ағаштар құлаған. Коммуналды қызмет бригадалары жедел оқиға орнына аттанып, көмек көрсетуде. Бұған қоса, 78 дана техника, 11 мотопомп пен 141 адам, сондай-ақ Маңғыстау облысы ТЖД бөлімшесінің жеке құрамы, әкімдік пен коммуналды қызмет жұмысшылары тартылды", - деп мәлім етті Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Ходжабекова.

Маңғыстау облысының тас жолдарында нөсер жауыннан жол қозғалысы қиындаған, деп хабарлайды lada.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!