ОҚО-да нөсер жаңбыр салдарынан бірқатар елді мекендерді су басты

Фотография - ОҚО-да нөсер жаңбыр салдарынан бірқатар елді мекендерді су басты

ОҚО ТЖД-да жедел штаб құрылды.

1092 0

Қазір Төле би, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам аудандарында жауын құйып тұр.ОҚО ТЖД-да жедел штаб құрылды. Жағдай бақылауға алынды.

Оңтіүстік Қазақстан облысында нөсер жауын салдарынан бірнеше елді мекенді су басты, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оның мәліметінше, 2016 жылы 17 сәуірде сағат 18:35-те Төле би ауданы Ленгер қаласы мен Қазығұрт ауданы  Алтын төбе ауылдық округінің 1 май елді мекеніне су басу қаупі төнгені жайлы хабар түсті.

"2016 жылы 17 сәуірде сағат 22.00-дегі жағдай бойынша, нөсер жауын жауу мен кәріздік жүйенің болмауы салдарынан  Төле би ауданында 7 ауланы, Қазығұрт ауданының 2 шаруашылық құрылысын, 3 аула мен 1 уақытша баспананы су басты",-деп хабарлады Иманқұлов.

Оның айтуынша, оқиға орнында ОҚО ТЖД құрылымдары жұмыс істеуде.

Төле би ауданына ОҚО әкімінің орынбасары Ж.Бөкенбаев, ОҚО ТЖД басшысы, азаматтық қорғаныс полковнигі А. Путейко аттанды.

Мәліметке сәйкес, сағат 22.30-дағы жағдай бойынша Қазығұрт ауданындағы апаттық-құтқару жұмыстары аяқталды.

"Қазір Төле би, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам аудандарында жауын құйып тұр.ОҚО ТЖД-да жедел штаб құрылды. Жағдай бақылауға алынды",-деп қорытындылады Иманқұлов.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!