Астанада алаяқ екі жыл бойы аңқау тұрғындар атынан кредит алып отырған

Фотография - Астанада алаяқ екі жыл бойы аңқау тұрғындар атынан кредит алып отырған

Полицияға 60 адам хабарласып үлгерген

2606 0

Астана қаласы ІІД қызметкерлері 58 жасар Меңсұлу Табақованың алаяқтық істерінен зардап шеккен адамдарды іздеуде. 2012 ылдан бастап 2014 жылға дейін әйел Астана мен өзге де аймақ тұрғындарының атына қайтарылмайтын кредиттер рәсімдеген, деп жазады Today.kz қаланың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.  

Алаяқтың көмегіне жүгінген 60 астам адам полицияға арыз түсірген. ІІД хабарлағандай, зардап шеккендер саны бұдан асып түсуі мүмкін.

Қазіргі кезде күдікті ұсталды, оған ҚР ҚК 190-бабының 4-тармағы "Аса ірі көлемдегі алаяқтық" бойынша айып тағылуы мүмкін. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"Меңсұлу Табақованың алаяқтық істерінен зардап шеккен адамдарды астанлық ішкі істер департаментіне мына мекен жай бойынша хабарласуды сұраймыз: Бейбітшілік көшесі, 19, 338 кабинет немесе мына телефондар арқылы: 71-60-10 (Астана ІІД кезекші бөлімі), 71-62-13, 8-701-465-10-71", - делінген хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!