Ермегияев ісі бойынша арызды судья толықтыруға жіберді

Фотография - Ермегияев ісі бойынша арызды судья толықтыруға жіберді

10,2 миллиард теңге шығын келді деген арыздың толтырылу тәртібі дұрыс болмаған

851 0


Судья Ермегияевтің ісі бойынша 10,2 миллиард теңге шығынды өтеу бойынша істі толықтыруға жіберді, деп жазады Today.kz. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-дағы ақша жымқыру ісі бойынша адвокаттар зардап шегуші жақпен айыпталушылардан миллиондаған шығынды өндіру бойынша тура бір сағат дауласты.

Тағылған айыппен қорғаушы жақтың барлық адвокаттары бірден келіспеді. Адвокаттар әлі көптеген адамдардың, соның ішінде, айыпталушылардың да сот алдына шықпағандығын айтады.

Зардап шегуші жақтың адвокаты болса қарсы пікір айтпақ болды, дегенмен судья соңғы нүктені өзі қойды. Арыз толтыру талаптарына сай толтырылмағандықтан әзірге сотпен қабылданбайтын болды. Судья Әділхан Шайхисламов оны толықтыруға жіберді.

Осыдан кейін куәгерлерді сұрау басталды.

Естеріңізге салсақ, 15 сәуірде "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-дағы ақша жымқыру ісі бойынша сот отырысында зардап шегуші жақ болып келетін ұлттық компания өкілі сотталушыларға арыз түсірді. АҚ-ның заңгерлік департаментінің өкілі Ғабит Құлахмет келтірілген материалдық шығын 10,2 миллиард теңгені құрағанын айтты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!