Жемқор парк басшысы үшін Ақтөбенің зейнеткерлері жол жүру жеңілдігінен айырылды

Фотография - Жемқор парк басшысы үшін Ақтөбенің зейнеткерлері жол жүру жеңілдігінен айырылды

Жеңілдігі бар тұлғаларды тасуға өкімететтен субсидия бөліну тоқтатылған

688 0

15 сәуірден бастап Ақтөбе автобустарында зейнеткерлер мен кембағал жандардың кейбірі үшін жол жүру 10 жылдан кейін қайтадан ақылы болды. Өзгерістерді егде жастағы адамдар ауыр қабылдады, деп жазады Today.kz.

Зейнеткерлерге кондукторлар 2009 жылы 27 қазанда күшіне енген кей тұлғалардың тегін жүру туралы шешімнің Ақтөбе қаласы мәслихаты күшін жойды деген ұйғарымы, 8 сәуірде шығарылғаны және баспасөз бетіне басылғанын түсіндірді.

Шешімнің күшіне енгендегі алғашқы күндері кей зейнеткерлерде жол ақысын төлеуге қаражаты да болмаған. Дегенмен кондукторлар оларды шығарып тастамады, тек бұл соңғы рет деп ескертулер жасады.

"Мен 37 795 теңге зейнетақы аламын, - дейді 64 жасар Әлия Күлшарова. – Осыған дейін тегін жол жүріп келдім, енді 55 теңге көлеміндегі жол ақысы мен үшін айтарлықтай шығын".

Өз кезегінде "Автопарк" ЖШС заңгері Руслан Жылқаманов бірнеше жыл бойып парктердің жеңілдігі бар тұлғаларды тасымалдауға үкіметтен өтемақы алып оырғанын, алайда 2015 жылдан бастап ақша бөлу тоқтатылғанын жеткізді. Парк соңғы бір жыл ақша бөлінбегеніне қарамастан жеңілдігі бар тұрғындарды тегін тасыған. Субсидия бөлуді тоқтату парк құрылтайшысы, бұрынғы депутат Мейіржан Өндіргенрвтың үстінен былтырғы жылы іс қозғалғанына байланысты болды.

Дегенмен ҰОС ардагерлері, I, II топтағы зағип жандар мен жеті жасқа дейінгі балалардың тегін жол жүруі сақталған.

Естеріңізге салсақ, Мейіржан Өндіргенов алғашында сегіз қылмыстық іс бойынша айыпталды, соның ішінде ұлттық араздықты тудыру бар. Бірақ, тергеу барысында-ақ үш айып алынып тасталды. Өндіргенов "Автопарк" ЖШС арқылы үкіметтен 4,5 миллиард теңге көлемдегі жымқыру бойынша 15 жылға сотталуы мүмкін.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!