БҚО-да мұнай өнімін заңсыз алып өтпек болған ресейліктер ұсталды

Фотография - БҚО-да мұнай өнімін заңсыз алып өтпек болған ресейліктер ұсталды

Тексеру барысында олардың 100 тонна мұнай өнімін заңсыз алып өтпекші болғаны анықталды

223 0

Батысқазақстандық полицейлер республикалық «Кедергі» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында «Орал-Атырау» тасжолында Орынбор облысынан Атырауға бағыт алған 5 автокөлікті ұстады.

Тексеру барысында олардың 100 тонна мұнай өнімін заңсыз алып өтпекші болғаны анықталды. Ұсталған жүргізушілердің бәрі де – Ресей азаматтары. ІІД баспасөз қызметінен хабарлағанындай, қазіргі уақытта аталған автокөліктер арнайы тұраққа қойылған. Ішкі істер органының қызметкерлері аталған дерек бойынша тергеу амалдарын бастады.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!