Өскеменде студенттің жоғалуы ірі көлемдегі ақшаға байланысты болуы мүмкін

Фотография - Өскеменде студенттің жоғалуы ірі көлемдегі ақшаға байланысты болуы мүмкін

Ол күні Ақжол Серіктің қалтасында 180 мың теңге болған

454 0

Өскемендік 23 жасар Қазақ-Американ еркін университетінің студенті Ақжол Серікті іздестіру жалғасуда, деп жазады Today.kz. Ал енді бір нұсқа бойынша студенттің жоғалуы онда үлкен соммадағы ақша болуымен байланысты. Бұл туралы оның досы Қуаныш еркінұлы айтты. Ол күні Ақжол өзімен бірге 180 мың теңге ұстап жүрген.

Өз кезегінде полицейлер де ірі ақша туралы білетіндігін және бұл нұсқа да қаралып жатқандығын жеткізді.

Жоғалған жігіттің анасы Гүлнұр Зәбірқызының айтуынша, олардың отбасы бірнеше жыл бұрын Қытайдан көшіп келген. Ақжол ҚБЕУ-де филология факультетінде білім алып жатқан, фармацевтикалық компанияда жұмыс істеп те жүрген. Жоғалып кеткен күні жұмыс барысы бойынша бастығына ақша жеткізу керек болған. Соңғы рет оны "Даниель" сауда үйінің маңынан көрген. Отбасы жігітті іздеуге экстарсенстердің көмегіне жүгінгендігін де айтты анасы.

Мұның алдында белгілі болғандай, жігіт 13 сәуір күні күндіз Өскемен қаласында жоғалып кеткен.

Ақжол қара куртка, қою көк джинсы, кроссовка мен бас киімде болған. Ол орта бойлы, дене бітімі де орташа, шашы қара. Жоғалған студент туралы қандай да бір ақпараты бар адамдар болса мына телефондар арқылы хабарласуын сұрайды: 8-778-707-01-70, 8-777-980-82-82, 8-747-355-12-75.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!