Алаяқтар 34 миллион теңгемен қолға түсті

Фотография - Алаяқтар 34 миллион теңгемен қолға түсті

Қылмыскерлер жекеменшік кәсіпкерлік субъектілерін құрып, жалған кәсіпорындарды бүркемелеп отырған.

220 0

 Қарағандыда ірі көлемде алаяқтықпен айналысып келген қылмыстық топ мүшелері қолға түсіп, тиісті жазаларын алды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Күдіктілер жедел-іздестіру шаралары барысында "Kassa Nova Банк" АҚ Қарағанды филиалының жанында "Сәулет Құрылыс Инвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп шотынан алған 34 миллион теңгемен қоса қолға түсті.

Қылмыстың негізі идеясы мынадай болған. Олар пайда табу үшін контрагенттерге салықтан жалтаруға көмектесіп жүрген. Сондай-ақ, қылмыскерлер жекеменшік кәсіпкерлік субъектілерін құрып, жалған кәсіпорындарды бүркемелеп отырған.

Қылмыстық топтың үш мүшесі лайықты жазаларын алды. Топты құрған әйел 8 жылға сотталып, дүние-мүлкі тәркіленді. Оның екі сыбайласы 7 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Қылмыскерлерден алынған 34 миллион теңге мемлекет пайдасына берілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!