"Аstana Bike" велопрокатын тонаған ұрылар ұсталды

Фотография - "Аstana Bike" велопрокатын тонаған ұрылар ұсталды

1988 жылы туылған "Т" есімді күдіктінің рюкзагынан велопрокат бекетіндегі велосипедтің бөлшектері мен құрал-саймандар табылған.

100 0

Елордада полиция қызметкерлері "Аstana Bike" велопрокат бекетінен велосипед бөлшектерін ұрлаған 3 азаматты ұстады, деп хабарлайды, Bnews.kz.

"19 сәуір күні түнде Астана қаласы жедел әрекет ету орталығының инспекторы бейнебақылау камерасынан Мәскеу және Жеңіс көшелерінің қиылысында орналасқан "Astana Bike" велопрокат бекетінен велосипед бөлшектерін ұрлап жатқан күдікті азаматтарды байқаған.

Оқиға орнына шұғыл жеткен патрульдік полиция қызметкерлері 22, 25, 27 жастағы азаматтарды ұстап, "Сарыарқа" ауданының Ішкі Істер басқармасына жеткізген», - деп жазылған қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, тексеру барысында 1988 жылы туылған "Т" есімді күдіктінің рюкзагынан велопрокат бекетіндегі велосипедтің бөлшектері мен құрал-саймандар (бұрауыш, тістеуік  және т.б) табылған.

Аталған факт бойынша сот алдындағы тергеу жұмыстары басталды. Қазір полиция қызметкерлері күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!