Есірткімен ұсталған Air Astana экс-ұшқышының серігі сотта куәлік етпейтін болды

Фотография - Есірткімен ұсталған Air Astana экс-ұшқышының серігі сотта куәлік етпейтін болды

Сот 25 сәуірге ауыстырылды

113 0

Алматының түркісіб ауданды сотында Air Astana компаниясының есірткімен ұсталған бұрынғы ұшқышы Роман Быков сұралды, деп жазады Today.kz. Ол өз кінәсін толық мойындамады. Ал істің бірнеше куәгері, соның ішінде екінші ұшқыш куәлік бере алмайтындығы белгілі болды. Бұл жай қателіктер кеткен процессуалдық нормаларға байланысты болды.

Қателіктер анықталған соң судья Аида Қарғашова сот барысын тоқтатып, оны 25 сәуірге ауыстырды. Ал Быков өзі кінәсін толық мойындамады, ол марихуанна салынған пакетті ұшақтың трапынан түсіп келе жатқанда тауып алғандығын айтады.

"Әйелімнің аяғы ауыр, екі балам бар, бірі тоғызда, кішісі бір жарым жаста. Айыптаудың негізі түсінікті. Менің қалтамда пакет болған, траппен түсіп келе жатып тауып алғанмын. Ақымақтықпен қалтама сала салдым. Ұшақты есірткі пайдаланған кезде басқарған емеспін, есірткіні ұшардан бір апта бұрын пайдаландым. Бірінші куәлігімді жазадан қашу үшін ойдан шығардым. Куәлік берген кезде шокта болдым, екінші рет жоғалтар ештемем жоқ, екінші рет адвокаттың қатысуымен екінші рет куәлік бердім", - дейді сұрау кезінде Быков.

Быков алғаш рет марихуананы 2015 жылы Амстердамда пайдаланып көргенін айтты. Ал прокурор Гүмира Сембаева айыпты оқи отырып, Быковтың үш бап бойынша айыпталып жатқанын еске салды.

Естеріңізге салсақ, 4 наурызда Air Astana компаниясының ұшқышы Алматы әуежайында есірткімен ұсталған болатын. Оны қызметтік ит сезіп қойған, ұшқыштың қалтасынан марихуана салынған пакет табылған. Ал сараптама Быковтың ұшардан бұрын есірткі пайдаланғанын көрсеткен. Осы оқиғадан кейін ол бірден жұмыстан шығарылды.


 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!