ҚР қоғам қайраткері Сағидолла Құбашев өмірден озды

Фотография - ҚР қоғам қайраткері Сағидолла Құбашев өмірден озды

Марқұмды бақилық сапарға шығарып салу рəсімі 21 сәуірде болады.

794 0

19 сәуірде сағат 18:00 90 жасқа қараған шағында қоғам жəне ҚР мемлекет қайраткері, Қазақстанның Орталық комитетінің екінші хатшысы Сағидолла Құбашев қайтыс болды. Қоштасу рәсімі 21 сәуірде Алматы қаласы Фурманов көшесі 220-шы үйдің, 102 пәтерінде өтеді, деп хабарлайды Today.kz.

Сағидолла Құбашев 1928 жылы 10 ақпанда Орал губерниясының №1 ауылында дүниеге келген. 1949 жылы Алма-Ата зооветеринарлық институтты тәмамдаған. Сол жылдан бастап ақ еңбек өтілін бастаған. Бас зоотехник болған, Гурьев облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысының орынбасары болған. Содан соң бірнеше жыл Гурьев облыстық ауылшаруашылық басқармасында мал шаруашылығы Басқармасының басшысы болып қызмет атқарған. 1953-1960 жылдары арасында осы аймақтың колхоз басқарушысы болған. 1966 жылы Экономика ғылымдарының кандидаты. 1960–1963 жəне 1965–1966 жылдары – Атырау облыстық атқару  комитетінің төрағасы. 1963–1964 жылары – Қазақстан КП-сы Атырау облыстық комитетінің бірінші  хатшысы. 1966-1975 жылдары – Ақтөбе облыстық атқару комитетінің төрағасы. 1975-1979 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары. 1979-1988 жылдары – Қызылорда облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің бірінші хатшысы жəне Қазақстан КП орталық комитетінің екінші хатшысы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-10 шақырылымдарының депутаты болып сайланған. 1988 жылдан одақтық дəрежедегі дербес зейнеткер.  КСРО Жоғарғы Кеңесінің 11 шақырылымы депутаты болып сайланған. "Ленин", "Октябрь Революциясы",  төрт мəрте "Еңбек Қызыл Ту", "Халықтар Достығы" ордендерімен жəне көптеген медалдармен  марапатталған. 2004 жылдан "Мұнайшы" қоғамдық қоры Қамқорлық Кеңесінің мүшесі болған..




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!