Қазақстанға Ресейден ядролық қару компоненттерін кіргізбек болған

Фотография - Қазақстанға Ресейден ядролық қару компоненттерін кіргізбек болған

Елге радиактивті тритий изотобы бар нейтрон генераторын кіргізбек болғандар ұсталды

318 0

Башқұртстан кеденінің қызметкерлері радиактивті тритий изотобы бар нейтрон генераторын Қазақстанға кіргізілуіне бөгет болған, деп жазады Today.kz. Ол ядролық жарылғыш заттарын дайындауға пайдаланатын заттарға жатады.

Оқиға 5 сәуір күні болған, алайда, бұл туралы енді ғана белгілі болды. Самара - Уфа – Челябі тас жолында Қазақстанға бағыт алып бара жатқан шетелдік нөмірлер тағылған көлікті кеденшілер ЖҚФҚ қызметкерлерімен бірге тоқтатқан. Көлікті қарау барысында салоннан кедендік бақылаудың жоқтығын пайдаланып Ресейден Қазақстанға өткізілмек болған радиактивті тритий изотобы бар нейтрон генераторы табылған.

РФ Экспорттық бақылаудың федералдық қызметінің ақпаратынша, аталған тауар "Қос мақсатта пайдаланылатын құрылғы мен материал тізімі" мен "Ядролық мақсатта қолданылатын технология тізіміне" жатады. Тауардың елге кіргізілуі мен шығарылуы Ресейдің Техникалық және экспорттық бақылаудың федералдық қызметі рұқсатымен ғана жүргізіледі.

Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде жаппай қырып-жою қаруын жасауға пайдалнуы мүмкін бақыланатын тауарды шетедік ұйымдарға заңсыз өткізудің төрт фактісі анықталған.

Бұл оқиға бойынша ресейде төрт қылмыстық іс қозғалған. Істі тергеумен Башқұртстан бойынша ФҚҚБ айналысады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!