ОҚО-да ұсталған кәсіпкер хаттамаларға сиясы өшетін қаламмен қол қойған

Фотография - ОҚО-да ұсталған кәсіпкер хаттамаларға сиясы өшетін қаламмен қол қойған

Полицейлер бірнеше сағаттан кейін ғана полицейлер хаттамадағы қолдардың өшіп кеткенін байқаған

226 0

Оңтүстік Қазақстан облысында заңсыз құмар ойын үшін ұсталған кәсіпкер хаттаманың бәріне өшіп кететін сиясы бар қаламмен қол қойған.  

Барлық құжатқа қол қойған соң, шпиондық ойындар сүйетін кәсіпкер үйіне кеткен. Тек бірнеше сағаттан кейін ғана полицейлер хаттамадағы қолдардың өшіп кеткенін байқаған. Тергеушілердің бақытына орай түсіндірме мен тағы бірнеше маңызды құжаттар сақталып қалған. Ер адамды қайтадан бөлімшеге алып келген. Бұл жолы ол қол қоюдан бас тартқан.

Бастапқыда не істерін білмей қалған полицейлер, алған бетінен қайтпаған. Іске қосымша дәлелдер, куәгерлердің айтқаны мен бейнежазба қатыстырылды, деп мәлімдеді Мақтарал ауданының прокуроры Нұржан Боранбаев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!