Үсенов пен өзге сотталушының қорғаушылары сот залынан шығып кетті

Фотография - Үсенов пен өзге сотталушының қорғаушылары сот залынан шығып кетті

Ермегияевтің ісі бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр.

458 0

Астанада Талғат Ермегияевтің ісі бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр, деп хабарлайды BNews.kz. Бүгін сот айыпталушылардың прокурорлармен мәмілеге келу жөніндегі өтінішін қанағаттандырды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше атышулы сот ісінің 11 қатысушысы айыптаушы тараппен процессуалдық келісім жасап, келтірген шығынды өтеуге ниет білдірді. Осылайша, олар айыптаушы тарапқа көмектесе отырып, жазаларын жеңілдетпекші.

Олардың қатарында "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшісі Қажымұрат Үсенов, "Southfork ltd." ЖШС директоры Сейіт Сейітов, "Southfork ltd." ЖШС бас директоры Нұрлан Ақпанбетов, "Құрылыс Консалтинг" АҚ өкілі Серік Найзабеков, "Компания АДС" ЖШС бұрынғы президенті Марс Шорманов, "Компания АДС" ЖШС құрылтайшысы Алпысбек Тілекметов, "Петроспек" ЖШС директоры Ерлан Тілеуов, жалған кәсіпорындар желісін ұйымдастырушы Сергей Ильин, сондай-ақ қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен шұғылданған Самат Сардарбеков пен Талғат Сағындықов, Ермегияевтің сенімді адамы Ренат Ақылбековтер бар.

Бүгін сот өтінішті прокурордың қарауына жіберді. Айыптаушы тарап шешімді 25 сәуір сағат 14.00 дейін қабылдауы тиіс.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!