Айзада Авлатарованы ұрлаған қылмыскер 15 жылға сотталды

Фотография - Айзада Авлатарованы ұрлаған қылмыскер 15 жылға сотталды

Мемлекеттік айыптаушы оны 14 жылға қамауды сұраған.

179 0

Алматы облысы Жамбыл аудандық соты бойжеткен Айзада Авлатарованы ұрлап, бірнеше күн бойы тығып ұстаған азаматты айыпты деп танып, оған бүгін үкім шығарды. Бұл туралы Skifnews.kz басылымы хабарлады.

Сот шешіміне сәйкес, 46 жастағы айыпты Игорь Токарев 15 жылға бас бостандығынан айрылып отыр. Сондай-ақ, оның дүние-мүлкі де тәркіленбек. Ал, жазасын айыпты жалпы режимдегі колонияда өтейді.

Айта кетейік, бұған дейін Токарев өзіне тағылған айыптардың бәрімен келіскен болатын. Мемлекеттік айыптаушы оны 14 жылға қамауды сұраған. Тергеу барысында белгілі болғандай, айыпты азамат Айзаданы ұрлағаннан бөлек тағы 16 қылмыс жасаған екен. Олардың қатарында, ұрлық, тонау, көлік ұрлығы, зорлау, бірнеше рет адам ұрлау сынды деректер бар. Қылмысының бәрін ол Алматы облысының аумағында жасаған. Жалпы сотқа қатысқан жәбірленушілердің саны жеті адамды құрады. Олардың төртеуі бойжеткен қыздар.

Естеріңізге салайық, 20 жастағы Айзада Авлатарова өткен жылдың 3 желтоқсанында жоғалып кеткен болатын. Үйінен колледжге бармақ болып таксиге отырған қызды көлік жүргізушісі ұрлап кеткен. Токарев оған арақ беріп, өзімен бірге бірнеше күн алып жүрген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!