Жамбыл облысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы тұтқындалды

Фотография - Жамбыл облысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы тұтқындалды

Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша Жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы хабарлады.

463 0

Жамбыл облысының жемқорлыққа қарсы күрес департаменті облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Масалимовтың, оның орынбасарлары – Р.Бижігітованың, Г.Жақсыбекованың, мемлекеттік сатып алу, мониторинг және техникалық бақылау бөлімінің басшысы Б.Бейсебаевтың, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы И.Аймағанбетованың жемқорлық әрекеттерін әшкереледі, деп хабарлайды BNews.kz.

Аталған лауазымды тұлғалар медициналық мекемелердің бас дәрігерлері мен басқа тұлғалардан 300 бен 10 000 АҚШ доллары аралығында пара алып келген. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша Жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы хабарлады.

Сондай-ақ лауазымды тұлғалар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, дәрілік заттар мен медициналық қондырғыларды мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлерді бөлуде заңсыз әрекеттерге барған.

Бүгінгі таңда Е.Масалимов тұтқындалып, Тараз қаласындағы уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!