Астаналық әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы пара үшін ұсталды

Фотография - Астаналық әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы пара үшін ұсталды

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюроның баспасөз қызметіне хабарлайды.

571 0

Астанада қалалық әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы қамауға алынды, деп хабарлайды Baq.kz сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ресми ақпаратқа сәйкес, А.Рақышев департамент бөлімінің басшысы М.Құсайынов пен қаланың нотариаттық палатасының төрағасы Ж.Арыстановпен келісіп, нотариус қызметін жүргізуге рұқсат бергені үшін жеке тұлғадан 8000 доллар көлемінде пара алған.

"Қазіргі кезде Рақышев уақытқа қамау абақтысына тоғытылды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, күні кеше Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін "командасымен" бірге ұсталған болатын.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!