Қарағанды полицейлері тапсырыспен адам өлтіру болғандығын растады

Фотография - Қарағанды полицейлері тапсырыспен адам өлтіру болғандығын растады

19 жасар тапсырыс берушіні жалдамалы баскесерге ақша беріп жатқанда ұстаған.

262 0

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлері тапсырыс беру арқылы адам өлтіру болғандығын растады, дп жазады Today.kz Қарағанды облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 19 жасар тапсырыс берушіні жалдамалы баскесерге ақша беріп жатқанда ұстаған.

Қарағандылықтың жалдамалы баскесер іздеп жүргендігі туралы ақпарат 9 наурызда полицейлерге жеткен. Жұмыс үшін жігіт 250 мың теңге ұсынған. Ақшаны бере отырып ол өзінің 18 жасар танысы өлгенін растайтындай оның қалта телефонын және өлі денесін суретке түсіріп алуды талап еткен.

"19 сәуірде Қарағандының сауда үйлерінің бірінде суреттер түсірілген телефонды беру кезінде тапсырыс беруші ұсталды", - делінгін хабарламада.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 99-бабының 2-тармағы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған жігіт уақытша қамау абақтысына жабылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!