Өтеуовтың хатында көрсетілген полицейлердің айыбы әлі расталмады

Фотография - Өтеуовтың хатында көрсетілген полицейлердің айыбы әлі расталмады

Тергеу 1 ақпанда басталған

159 0

Атырауда бұрынғы полицей Манарбек Өтеуовтың даулы хатына байланысты сот ісі жалғасуда. Естеріңізге салсақ, бірнеше ауыр қылмыс, соның ішінде адам өлтірді деп айыпталған экс-полицей "өкініш ашық хатын жазған", онда ол өзінің бірнеше басшысы мен әріптестерін көрсеткен; соңғылары қылмыстық істерге тікелей қатысты-мыс.

Атырау облысы прокуратурасының Today.kz редакциясының сұранысына берген жауабынан тергеудің 1 ақпанда басталғанын, бүгінгі күні күдіктілердің жоқтығы айтылған.

Манарбек Өтеуовке ҚР ҚК сегіз бабы бойынша айып тағылуда. Ол сот алдында болып үлгерді. Мұның алдында Facebook-тің қазақстандық сегментінде оның үлкен дау тудырған хаты таралған болатын. Онда Атырау қаласының ІІБ бұрынғы қызметкері Өзбекстан азаматы Дмитрий Кимнің өліміне қатысты өз нұсқасын айтқан. "Бұл қылмыстың шынайы тапсырыс берушілері әлі де еркіндікте жүр және атыраулық ІІБ-да жетекшілік қызметтерде отыр", - деген болатын Өтеуов.

ҚР ІІМ жағдайға байланысты өз пікірін білдіріп, Атыраудың ІІБ криминалды полиция басшысы Нұрболат Қабдешев пен оның орынбасары Бейбіт Шәлтеновке, сонымен бірге ІІБ басшысының орынбасары Марат Тағаниязов қатысты тергеу басталғанын айтты. Жағдайды Бас прокуратура қадағалауда. Өз хатында Өтеуов сотты да атап өткен болатын. Онда бұрынғы полицейдің айыптарын жоққа шығарды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!