Миландағы қазақстандық павильонның бастапқы құны үш есе көтерілген

Фотография - Миландағы қазақстандық павильонның бастапқы құны үш есе көтерілген

Миландағы ЭКСПО-ға салынған Қазақстан павильонынынң құны 4,8 миллиард теңгені құрады.

248 0

"Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ-дағы ақша жымқыру ісі бойынша испандық &G CONSULTORIA DE FERIAS S.L. Kazakhstan. ЖШС-на қатысты істі қарастыруға кірісті. Компания 2015 жылда Миланда өткен ЭКСПО павильонын салумен айналысқан. Жұмыстарға кеткен қаражат 4,856 миллиард теңге болды. Онда тергеу бойынша 1,757 миллиард теңге жымқырылды.Іс бойынша төрт күдікті бар – Талғат Ермегияев, Әлішер Пірметов, Валерий Син, Қуаныш Медеуов. Куәгер – АҚ-ның халықаралық қатынастар департаментінің директоры Нұрбек Ергешбаев сот барысында құрылыс бюджетінің қалай өзгергінді туралы айтып берді, деп жазады Today.kz

Оның айтуынша, Қазақстанның Миландағы көрмеге қатысу үшін қаражат ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен 2013 жылы бөлінген. 2014 жылдың мамаыр айында ұлттық компания J&G CONSULTORIA DE FERIAS S.L. Kazakhstan ЖШС-мен келісім шартқа отырды.

Куәгердің сөзінше, олар CONSULTORIA-дан жұмыстарды аяқтауға қосымша 3,3 миллиард теңге керектігі туралы хат алған. Бұл эуробағамының ауысып кетуімен түсіндірілді. CONSULTORIA келісімі бойынша Миландағы павильонды салуға 4,856 миллиард теңге жұмсалды. Ал павильон болса тақырыпты ашу бойынша тек үшінші орын ғана иеленді.

Мұның алдында сотта ұлттық компанияның өзге қымбат тұратын – "МУЗ-ТВ" премиясы қаралған болатын. Онда куәгер Ермегияевтың бұл шараны ұйымдастыруды жеке өзі қадағалағанын айтты. Сонымен бірге оның сөзінше, ұлттық компаниядан бұл шараға екі миллион доллар бөлінген.

Тергеу бойынша Талғат Ермегияев, Әлішер Пірметов, Валерий Син, Қуаныш Медеуов J&G CONSULTORIA DE FERIAS S.L. Kazakhstan. ЖШС испандық компаниясы эпизоды бойынша 1,757 миллиард теңге жымқырған.

Сонымен бірге 11 сотталушының қорғаушылары кінәсін мойындау түріндегі прокурормен процесуалдық келісімге барған. Осы арқылы олар күтіп тұрған жазаны жеңілдетуге үмітті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!