Босанған әйелді құтқару мүмкін емес еді - Байжүнісов

Фотография - Босанған әйелді құтқару мүмкін емес еді - Байжүнісов

Фото: ©Алмаз Толеке

Оның айтуынша, осы оқиғадан соң тәжірибелі дәрігерлер ауыр халдегі пациенттерге жақындауға сескенеді

3587 1

Астана әкімдігінің денсаулықсақтау басқармасының басшысы Ерік Байжүнісовтің ойынша, 2014 жылы Астанада №2 перинаталдық орталықта босанған әйелдің тірі қалу мүмкіндігі жоқ еді. Оның айтуынша, әйел адам өте ауыр халде перзентханаға түсті, деп хабарлайды Today.kz "Вечерняя Астана" газетіне сілтеме жасай отырып.

"Әйел адам ШҚО-нан келген, тіркеуге кеш тұрған, жәнеде ең бастысы, Ол анемияның ауыр формасымен ауырғандықтан оның бала көтеруге қарсы көрсетім болған. Ол түскен кезде, іштен жарып баланы алу шарасы жасалатын кезде, оның жағдайы мүлдем ауыр халде болатын. Айтпасада белгілі, ота жасайтынтек тәжірибелі дәрігерлер. Біздің дәрігер Калашников қолынан барлығы келетін гинекологтардың бірі. Бірінші іштен жарып баланы алу шарасы жасалған, сосын қан кете бастаған соң екінші ота жасалған, алайда сол кезде қан тоқтамай ДВС-синдромы басталған. Адамды құтқарып қалу мүмкін болмады, себебі жоғарыда айтқанымдай оның өзі ауырхалде ауырып келген болатын", - дейді Байжүнісов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, айыптау үкімі шыққан соң тәжірибелі дәрігерлер ауыр халдегі емделушілерге жақындауға сескеніп қалған, себебі түрмеде отырғысы келмейді.

"Егер дәрігер немқұрайлылық танытып, ештеме жасамаған болса - онда иә, жазалансын.  Мұнда адам өмірін алып қалу үшін барлығын жасады және сотталды", - деді астаналық әкімдіктің денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада босанған әйелдің өлімі үшін екі дәрігер бір жылдан түрмеге жабылған. Сотталған дәрігерлердің әріптестері ақша жинап сот үкіміне қарсы шығу үшін екі қорғаушы жалдаған. Сонымен қатар, сотталғандардың отбасына қаржылай көмек көрсететін болады. Оқиға болған №2 перинаталдық орталықтың бас дәрігері, өзінің әріптестерінің кінәсіздігін алға тартуда.

Дәрігер-оташы Абылай Шәкенов Today.kz-ке берген сұхбатында, Қазақстанық дәрігерлер ешқандай да құқығы қорғалмағандығын айтты.




Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Айка 22 сәу. 2016

Алланың жазғанығой. Жалпы елімізде ұстаздармен дəрігерлер қолжаулыққа айналудағой. Қаласа соттайды, жазалайды,қорлайды,жазалайды

Жауап беру