Өскеменде мектеп оқушысы жоғалып кетті

Фотография - Өскеменде мектеп оқушысы жоғалып кетті

Медет Маратов 20 сәуір күні Прапорщиково ауылындағы өзі оқитын мектептен шығып, сол күйі үйіне оралмаған.

772 0

14 жастағы жеткіншектің жоғалып кеткендігі туралы ақпарат бүгін әлеуметтік желілерде жарияланды. Медет Маратов 20 сәуір күні Прапорщиково ауылындағы өзі оқитын мектептен шығып, сол күйі үйіне оралмаған деп жазады YK-news.kz.

Медеттің анасының айтуынша, ұлы ешқашан оқуынан кешігіп келген емес. Ал, егер достарымен футбол ойнап қалатын болса міндетті түрде алдын ала ескертетін дейді алаңдаулы әйел. Куәгерлердің айтуынша, жоғаларынан бұрын Медетке қызыл түсті көлік келіп, ішіндегі бейтаныс ер азамат баламен сөйлескен. Алайда, оқушының көлікке отырған-отырмағанын ешкім көрмепті. 

Медеттің туыстары оны  көрген-білгендер болса +7 701 607 5240 номеріне хабарласуын өтініп отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!