Көлік полицейлері жүктердің сәйкес келмеу фактісін анықтады

Фотография - Көлік полицейлері жүктердің сәйкес келмеу фактісін анықтады

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде

338 0

2016 жылғы 7 сәуірдегі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрі бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Петропавл ст. ішкі істер желілік бөлімі криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүктердің сәйкес келмеу фактісін анықтады, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.

Көлік полицейлері тексеру барысында Көкшетау қаласынан жөнелтуші-ЖШС-нің құжаттары бойынша вагондағы жүк – минералды су деп көрсетілген, алайда оның орнына 26028 дана алкогольді ішімдік жөнелтілген, нәтижесінде "ҚТЖ" ҰК АҚ-ға жалпы сомасы 112 200 теңге көлемінде шығын келтірілген.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!