ШҚО да жоғалған жігіт туралы хабарлама досының қалжыңы болып шықты

Фотография - ШҚО да жоғалған жігіт туралы хабарлама досының қалжыңы болып шықты

Белгілі болғандай бұл хабарламаны әлеуметтік желілерге оның досы Еламан Сыйғыбатев таратып жіберген

540 0

ШҚО да той жүргізуі Алмас Есімхановтың жоғалуы туралы хабарлама жалған болып шықты. Белгілі болғандай бұл хабарламаны әлеуметтік желілерге оның досы Еламан Сыйғыбатев таратып жіберген. Таратқандағы бар мақсаты досын біраз мазаққа айналдырғысы келген көрінеді,  деп хабарлайды Today.kz .

"Менде бәрі жақсы. Шынымды айтсам бұл хабарға өзім де таңғалып тұрмын. Маған туған туысқандарым, жостарым, жұмыстағы әріптестерім хабарласып не болғанын сұрауда. Мен олардан мұндай нәрсені қайдан шығардыңдар деп сұрасам менің досым Еламан мен жоғалып кетті деп әлеуметтік желілерге таратып жіберген көрінеді. Еламанға хабарластым. Ол менімен осылай қалжыңдасқысы келген екен. Бұл қалжыңының кесірінен жұмыста да қиындықтар пайда бола бастады " , дейді Алмас Есімханов Today.kz тілшісіне.

Еламан Сыйғыбатев бұл істегеніне өзі де өкініп отыр.

"Бұл орынсыз қалжың болды. Мен бұл қалжың арқылы Алмастың танымалдығын арттырайын деп қана ойладым. Істің соңы бұлай насырға шабарын ойламадым. Барлық кінәмді мойындаймын. Алмаспен хабарластым. Әрине, ол маған өкпелі. Алайда, ол мені кешіреді деп үміттенем. Оның ата –анасынан, барлық қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Бұл мен үшін өмірлік сабақ болды, енді мұндай жат әрекетті қайталамаймын", дейді Еламан Сыйғыбатев.

Фото -

Естеріңізге салсақ, әлеуметтік желілерде Өскеменде 21 жасар Алмас Есімхановтың жоғалғаны туралы хабарлама тараған болатын. Алмас Есимханов Өскемен жұртына той жүргізушісі, шоумен ретінде танымал.Хабарламада ол 19 сәуір күні үйден шығып кетіп қайта оралмады делінген .



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!