ОҚО-да жоғалған адам іздестіру үшін тікұшақ көтерілді

Фотография - ОҚО-да жоғалған адам іздестіру үшін тікұшақ көтерілді

Іздестірілудегі адам 1-топ мүгедегі.

354 0

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында жоғалған адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады ОҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

Оңтүстік Қазақстан облысының ТЖ департаменті шұғыл кезекшісінің басқару пультіне 23 сәуірде сағат 12.30-да Ордабасы ауданы, Бөген ауылының 1986 жылы туылған тұрғыны, 1-топ мүгедегі 22 сәуірде шамамен сағат 07.00-де үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабар келіп түсті. Іздестіру тобы ұйымдастырылды.

Ордабасы ауданының Бөген ауылында Түркістан магистральды каналында Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағы, Ордабасы ауданының №8, 18 өрт сөндіру бөлімдерінің, "Бадам" өрт сөндіру бекетінің, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ туыстары мен жергілікті халықтың бірлескен күштері іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Іздестіру тобы, оның ішінде ОҚО ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері Түркістан магистральды каналының 35 км, ал квадрокоптермен каналдың екі жағынан 3 км жері тексерді. 
Барлығы іздестіру жұмыстарына 73 адам, 3 техника, 1 үрмелі және 1 моторлы қайық, 1 квадрокоптер тартылды. 
Іздестіру жұмыстары жалғасуда. 

    Фото -


    Загрузка...

    Пікір (0)

    Input is not a number!
    Input is not a email!
    Input is not a number!