Астанада қоқыс жәшігі маңынан жаңа туған нәресте табылды

Фотография - Астанада қоқыс жәшігі маңынан жаңа туған нәресте табылды

Мемлекеттік қызметкерлер жатақханасының қоқыс жәшігі маңынан жаңа туылған нәресте табылды.

617 0

Куәгерлердің айтуынша, 22 сәуір күні Астанада сағат шамамен 22:00-де  мемлекеттік қызметкерлер жатақханасының қоқыс жәшігі маңынан жаңа туылған нәресте табылды. Бұл туралы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

Куәгерлердің сөзіне сенсек, нәресте қоқыс жәшігі маңындағы баспа лдақта жатқан. Сәбиді байқап қалғандар бірден полицейлерге хабар берген. Жедел жәрдем нәрестені №1 перинатальді орталыққа жеткізді.

Сол арада Астананың №1 перинатальді орталығы бұл ақпаратты растап отыр, дегенмен ешқандай қосымша ақпарат бермеді.

Айта кетерлігі, жаңа туылған нәресте қазір жансақтау бөлімінде. Оның жағдайы туралы әзірге белгісіз.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!