14 жасар Медет Маратовты өзінің сыныптас қызы өлтірген болуы мүмкін

Фотография - 14 жасар Медет Маратовты өзінің сыныптас қызы өлтірген болуы мүмкін

Полиция мәліметінше, қыз бала бәрін мойындаған

657 0

ШҚО-да 14 жасар қыз сыныптасын өлтірді деп кұдікке ілінді. Көптеген пышақ жарақатынан көз жұмған Медет Маратовтың денесі қараусыз қалған қазандық ғимаратынан табылған, деп жазады Today.kz.

Полицияның нұсқасы бойынша, Прапорщиково ауылының тұрғыны Медет Маратовты өлтірген сыныптас қызы болауы мүмкін. Көз жұмған баланың достары қайғылы оқиғаның алдында сыныптастар шекісіп қалғанын айтады.

Кейін қыз бала Медетті өлтіргендігін мойындағаны белгілі болды.

"Жедел іздестіру шарасы барысында Медет Маротовты өлтірген күдікті ұсталды. Ол Прапорщиково ауылының кәмелетке толмаған тұрғыны болып шықты. Істің егжей-тегжейі тергелуде. Қыз бала кінәсін мойындады", — дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.

Сонымен қатар, көз жұмған баланың сыныптастары іске күдікті қыздың досы қатысты болуы мүмкін дегенді айтады. Яғни, ересектеу бала дос қызы үшін Медетті аяусыз өлтірген-мыс.

Естеріңізге салсақ, оқушының жоғалып кеткендігі туралы анасы айтқан болатын. Анасының сөзінше, бала ешқашан кешікпейтін және жоспары өзгерсе ескертетін. Баланың денесі екі күннен кейін табылған. ШҚО ІІД істің тергелуін ерекше назарға алды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!