Қарағанды облысында полицейлер бұзақыларды тоқтату үшін оқ жаудырды

Фотография - Қарағанды облысында полицейлер бұзақыларды тоқтату үшін оқ жаудырды

Ішімдікке сылқия тойған азаматтар тәртіп сақшыларына тіл тигізіп қана қоймай, жұдырық ала жүгірген.

326 0

24 сәуір күні Қарағанды облысы Қарқаралы қаласындағы "Тамаша" мейрамханасында бес ер адам мас күйінде полицейлерге тап берді. Тәртіп сақшылары оларды тоқтату үшін оқ жаудырды деп хабарлайды nur.kz порталы облыстың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ер адамдар мас күйде қызметтік көлікті тоқтатып, полицейлерге тіл тигізе бастады. Оларға полицейлердің бірі мас күйде көлік жүргізгені үшін хаттама толтырған", - дейді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Полицейлердің бұзақыларды тыныштандыру әрекеті нәтиже бермеді. Ішімдікке сылқия тойған азаматтар тәртіп сақшыларына тіл тигізіп қана қоймай, жұдырық ала жүгірген. Полицейлердің иығына және арқасына соққы жасай бастаған.

Тәртіп сақшыларының бірі нұсқаулыққа сәйкес, ескерту мақсатында ауаға бірнеше рет оқ жаудырады. Дегенмен бұзақылар соққыға жығуын тоқтатпады. Нәтижесінде полицей жерге қарай оқ атады.

Алайда тасты жерге тиген оқ әрі қарай ұшып өтіп, мас бұзақылардың біріне тиген.

Полицейлер дереу жедел жәрдем шақыртып, жарақат алған азаматқа көмек көрсетілді.

Күдіктілер қамауға алынып соталды тергеу жұмыстары басталды. Прокуратура қарудың орынды қолдануын тексеруде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!