Экономиклық қылмыс үшін іздеуде жүрген қазақстандық топ-5 қылмыскер

Фотография - Экономиклық қылмыс үшін іздеуде жүрген қазақстандық топ-5 қылмыскер

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті бес қазақстандықтың тізімін берді

572 0

"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ бұрынғы басшысының Уфада ұсталуы Today.kz редакциясын шетелден іздестіріліп жүрген ең ірі экономикалық қылмыскерлер рейтингін жасауға итермеледі.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті экономикаға залал келтірген ең ірі соммаларды жымқырған бес қазақстандықтың тізімін берді:

1.    3 миллиард 791 мың теңге – Е. Ділдабаев

2.    2 миллиард 189 мың теңге – В. Чернаков 

3.    1 миллиард 348 мың теңге – Р. Самалыков

4.    1 миллиард 33 мың теңге – В. Портянко

5.    474 миллион 335 мың теңге – А. Асаев.

Олардың барлығы ҚР ҚК 215 бабы бойынша айыпталуда, яғни, жалған кәсіпкерлікпен айналысып, салық төлеуден жалтарған. 2015 жылдан бүгінгі күнге дейін Экономикалық тергеу қызметі экономикалық қылмыс жасаған 129 адамды іздеп тапқан. Қылмыскерлердің өкіметке келтірген залалы 45 миллиард теңге.

ҚР Бас прокуратурасының берген мәліметінше, аталған қылмыс үшін іздеудегі азаматтардың көпшілігі Ресейде жасырынатынын және сәйкесінше, Қазақстанға адамдарды ең көп экстрадициялайтын осы ел. Ал Қазақстан өз кезегінде Өзбекстан, Ресей мен Қырғызсатнға іздеуде жүргендерді көп экстрадициялаған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!