Жамбыл облысында бес жасар баланы өлтірген Каваз-оғлы 12 жылға сотталды

Фотография - Жамбыл облысында бес жасар баланы өлтірген Каваз-оғлы 12 жылға сотталды

Сот барысында істің мән-жайы белгілі болды

979 0

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бес жасар Алмас Дүйсенбекті өлтірген адамға қатысты үкім шығарылды, деп жазады Today.kz. Бұл туралы сот органының баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, кәмелетке толмаған Д.М.Каваз-оғлы көршілерінің үйіне құрал-сайман сұрап барған, осы кезде үйде кәмелетке толмаған Алмас Дүйсенбек  қана болған. Каваз-оглы үйде басқа еш кім жоқтығын пайдаланып, ата анасының С.Махишевтың костюмінің калтасынан 28 000 теңгесін қолды еткен. Каваз-оғлы үйден шыға берісте бала оны тоқтатып, ақшаны қайтармаса ата-анасына айтатындығын жеткізген.

Осы кезде қылмысының беті ашылатынын сезген Каваз-оғлы, баланы өтіріп қылмысын жасырмақ болады да бес жасар баланы жатын бөлмеге апарып жастықпен тұншықтырған. Бала қарсылық білдіргендіктен жастықты тастап, екі қолымен мойнынан тұншықтырады, ақыры қылмыстық ісін соңына дейін жеткізу мақсатында ас үйден пшақ алып бірнеше дене жарақатын салған.

Соттың үкімімен:

"Каваз-оғлы Дурсун Мамедалиевич - Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 10,14 тармақтарымен (адам өлтіру), 191-бабының 1-бөлігімен (тонау) кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 12 (он екі) жылға бас бостандығынан айыру жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу тағайындалды", - делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге салсақ, бес жасар Алмас Дүйсенбек көз жұмған қылмыстық оқиға 15ақпанда болған. Бұл іс қоғамды дүрліктірген болатын, ал ІІМ басшысы Қалмұхамбет Қасымов істің тергелуі министрліктің бақылауында екенін айтқан.

Бұл қылмысқа күдікті 18 ақпанда ұсталады да, сол кезде күдікті мен көз жұмған баланың отбасылары ұзақ жыл бойы жақсы қарым-қатынаста болғаны анықталады. Осы жайттардан кейін WhatssApp пен Желіде бұл өлімге қатысты адамдарды жазалаудың жалған бейнеролигі мен суреттер таралады. 19 ақпанда полиция жалған ақпарат таратушыларды іздей бастайды. Бұл іс бойынша барлық дүрлігулер көз жұмған баланың барлық дерлік ауылдастары бірігіе жұма намазға қатысқан соң тынышталды.

Дурсун Каваз-оглыға қатысты сот 7 сәуірде басталған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!