Ермегияев ісі: ЭКСПО-да жалған қызметкерлер жұмыс істеген

Фотография - Ермегияев ісі: ЭКСПО-да жалған қызметкерлер жұмыс істеген

Әкімшілік-кадр жұмысы департаментінің директоры М.Смағұлов осындай жәйттің бетін ашты

645 0


Талғат Ермегияев басшылық еткен кезде "Астана ЭСПО 2017"  ҰК-да құжаты рәсімделмеген және жұмысқа тұрмаған қызметкерлер жұмыс істеген. Компания басшылығы болса бұл туралы хабардар болған.

Бүгін  ірі жемқорлық ісі бойынша куәгерлердің бірі – Әкімшілік-кадр жұмысы департаментінің директоры М.Смағұлов осындай жәйттің бетін ашты, деп хабарлайды BNews.kz.

Оның сөзінше, мұндай қызметкерлер ЖК ретінде тіркеліп, испандық "J&G Consultoria de Ferias S.L." компаниясымен қызмет көрсету туралы шарт жасасқан. Әрине, ешқандай да қызметтер көрсетілмеген. Ал келісімшарттар бойынша аударылған сомалар қызметкерлердің еңбекақысы болып саналған.

"Олармен Әлішер Пірметов (басқарма төрағасының орынбасары), басқарма төрағасы (Талғат Ермегияев) әңгімелесу жүргізді. Бұдан соң оларды бізге жіберіп отырды", – деді куәгер.

Әңгімелесуден өткен соң үміткерлердің түйіндемелері мамандарға жауап беретін бөлім басшысы ретінде Смағұловқа жөнелтілген. Сондай-ақ барлық түйіндемелерде Пірметовтың "Консультория" бұрыштамасы болған. Бұл жазу үміткерлердің испандық компанияға рәсімделу арқылы жұмысқа орналасуға ниетті екенін білдірді.

Куәгер ұлттық компания басшылығы қызметкерлерді жұмысқа алудың бұл тәсілі туралы хабардар болғанын атап көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, 4 сәуірде Астанада Ерегияевтің ісі бойынша сот басталды. Алғашқы күні  бас айыпталушының  ақша жымқыру  тәсілі мәлім болып, 14 айыпталушы өз кінәлерін мойындады. Кейін жемқорлық ісіне қатысушы Талғат Ермегияевке пара берілгенін растап, оның 350 млн теңге пара алғандығы мәлім болды. Сондай-ақ қаражаттың қолма-қол ақшаға қалай айналдырылғаны да белгілі болды. Параға берілген ақша коттедж тұрғызу және элиталық баспана жалдауға жұмсалған.

Тыңдау кезінде  заң бұзушылықпен өткен тендерлер, тендерлерде баға ұсынысын әдейі асыра көрсету, құрылысты жобалау-сметалық құжаттамасыз жүргізу фактілері әшкере болды.  Сонымен қатар куәгерлер Ермегияев басшылық еткен кезде атқарылған жұмыстардың актілеріне қолдың қалай қойылғаны, "Астана ЭКСПО" ҰК-ның құжаттарын жасау кезіндегі заң бұзушылықтар туралы айтып берді.

Бүгінгі күндегі ең үлкен пара 2,4 миллиард теңгені құрап отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!