Көлік полициясы аса ірі көлемде есірткі тәріклеп, өлімге күдіктіні ұстады

Фотография - Көлік полициясы аса ірі көлемде есірткі тәріклеп, өлімге күдіктіні ұстады

Екі адам да жедел шаралар барысында тұтқындалды

270 0

24 сәуір күні Шымкент. ст. Ішкі істер желілік басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері "Кұқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында "Ақтөбе-Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызының вагондарының бірінде 1966 жылы туылған, Ақтөбе облысы Хромтау қаласында денесінде пышақ іздері бар мүрдесі қазылған шұңқырдан табылған 41 жастағы әйелдің өліміне күдікті азаматты ұстад, деп хабарлайды көліктегі полиция баспасөз қызметі.

Аталған факт 09.03.2016 жылы ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлімі) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелген.

Күдікті қазір Шымкент ст. ІІД уақытша ұстау изолярорына қамалды.

Сонымен бірге, жедел-профилактикалық іс-шаралардың барысында Көліктегі ІІД қызметкерлері "Алматы-Қапшағай" өткелінде "Қызылорда-Семей" бағытындағы жолаушылар пойызының вагондарының бірінде қызметтік-іздестіру итінің көмегімен бұрындары есірткі қылмысы үшін сотталған 45 жастағы ШҚО облысының тұрғынын ұстады. Оның жол жүру сөмкесін тексеру барысында өзіндік иісі бар, жасыл түсті, өсімдік тектес зат табылып, тәркіленіп алынды.

Сараптау нәтижесіне сәйкес, тәркіленіп алынған зат жалпы салмағы 5 келі 103 граммды құрайтын кептірілген "марихуана" есірткі заты екені анықталды.

Аталған факт ҚР ҚК 296 бабының 4 тармағы (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелі.

Күдікті Алматы қ. ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Екі іске де қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Анықтама үшін: Жыл басынан бері Көліктегі ІІД бөліністерімен заңсыз есірткі айналымына қатысты 155 қылмыс пен қылмыстық теріс қылық анықталды. Соның ішінде есірткі заттарын заңсыз тасымалдауға қатысты – 13 факт, заңсыз сақтау – 32, есірткі заттарының контрабандасына қатысты – 3.

Заңсызх айналымнан 45 келіден астам әр түрлі есірткі заттары, соның ішінде 2,5 героин есірткі заты тәркіленіп алынды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!