Көлік полицейлері үш күн ішінде 1500-ден аса құқық бұзушыны ұстады

Фотография - Көлік полицейлері үш күн ішінде 1500-ден аса құқық бұзушыны ұстады

Іздеуде жүрген 9 қылмыскер ұсталды

233 0

Көлік полицейлері үш күн ішінде 1500-ден аса құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

"Құқықтық тәртіп"жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінде 46 қылмыс және қылмыстық теріс қылық тіркеліп, барлығы кезекші тәулік ішінде ашылды. Сонымен қатар, бұрын жасалған 15 қылмыс ашылды. Іздеуде жүрген 9 қылмыскер ұсталды.
Есірткі заттарын сақтаудың 8 фактісі, заңсыз түрде оқ-дәрі сақтаудың 4 фактісі анықталды.

Мәселен, 25 сәуір күні "Луговая-Шу" өткелінде "Қызылорда-Астана" бағытындағы жолаушылар пойызының вагондарының бірінде Көліктегі ІІД қызметкерлері қызметтік-іздестіру итінің көмегімен 36 жастағы ОҚО азаматын ұстады. 
Оның жол жүру сөмкесін тексеру барысында өзіндік иісі бар, жасыл түсті, өсімдік тектес зат табылып, тәркіленіп алынды. Сараптау нәтижесіне сәйкес, тәркіленіп алынған зат жалпы салмағы 1 келі 749 граммды құрайтын кептірілген "марихуана" есірткі заты екені анықталды.

Аталған факт ҚР ҚК 296 бабының 4 тармағы (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелі.

Көлік полицейлері әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 1537 құқық бұзушыны жауапкершілікке тартты, соның ішінде ұсақ бұзақылық үшін – 113, спирттік ішімдіктерді ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде жүру бойынша – 219, белгіленбеген орындарда сауда жасау – 256.

Заңды өкілдерінің ертуінсіз үй жағдайынан тысқары жүрген кәмелет жасына толмаған 50 азамат анықталды. Солардың ішінде Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылғандар саны – 16.

Сондай-ақ, тұрғылықты жерлері мен жеке куәліктері жоқ 32 тұлға қабылдап-тарату орындарына отырғызылды.

Аталған шара шеңберінде 367 адамнан саусақ іздері алынып, фото-бейне есепке қойылды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!