Петропавл вокзалында полицейдің мұрнын бұзды

Фотография - Петропавл вокзалында полицейдің мұрнын бұзды

Фото: today.kz

Медициналық тексеру барысында 28 жастағы жігіт наша шегіп алған болып шықты

266 0

26 сәуір күні түнгі сағат 21.45-те Петропавл қаласының теміржол вокзалы Желілік полиция бөліміне наша шегіп алып, полиция қызметкерін ұрған 28 жастағы Орал тұрғыны жеткізілді.

Медициналық сараптама жасалып, ұсталған жігіттің синтетикалық каннабиноид (спайс) пен опиоид шегіп алғаны расталды. Нашаға тойып алған жігіт бірнеше рет полиция қызметкерінің басынан және бетінен ұрып, мұрнын сындырған.

Бұл дерек ҚР ҚК 380-бабы (билік өкіліне күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне тіркелді.

Ұсталған азамат Петропавл қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!