Семейде ЖКО-дан бес адам қаза болды

Фотография - Семейде ЖКО-дан бес адам қаза болды

Апат 26 сәуірде кешкі 22 сағат шамасында Гагарин-Шугаев көшелерінің қиылысында орын алған.

305 0

Семейде жеңіл көлік ағашқа соғылды, бес адам оқиға орнында қаза болды, бір адам ауруханаға жатқызылды деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА-ға Шығыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.

Апат 26 сәуірде кешкі 22 сағат шамасында Гагарин-Шугаев көшелерінің қиылысында орын алған.

"Рено-Сандеро" маркалы көлік жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған, бес адам оқиға орнында қаза болды, бір адам ауруханаға жатқызылды",-деді Торғаев телефон арқылы.

Оның айтуынша, қаза болғандардың барлығы ер адамдар.

Апат фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сот алды тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!