Көлік полицейлері бір тәулікте құқық бұзушылардан 20 келіден аса балық тәркіледі

Фотография - Көлік полицейлері бір тәулікте құқық бұзушылардан 20 келіден аса балық тәркіледі

ОҚО-ның 1992 жылы туылған азаматынан табылған 7,5 келі бекіре тұқымдас балық тәркілеп алды

369 0

24 сәуір күні "Бекіре-2016" жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Орал ст. Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Орал қаласының әуежайында БҚО-ның 27 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.

Тексеру барысында күдіктіден 13 келі бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленіп алынды.

Тура сол күні жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Атырау ст. Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері Атырау ст. темір жол вокзалында ұсталған ОҚО-ның 1992 жылы туылған азаматынан табылған 7,5 келі бекіре тұқымдас балық тәркілеп алды.

Жоғарыда аталған екі факт те ҚР ҚК 339 бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында балық пен балық өнімдерін заңсыз аулауды және айналымын анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге, заңсыз шығару, тасымалдау, сатып алу, сату және өткізу фактілерін анықтау және болдырмау мақсатында Орал-Каспий бассейні аумағында "Бекіре - 2016" ЖПІШ өткізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!