ОҚО-да ақша бопсалаған депутатқа қатысты тергеу жалғасуда

Фотография - ОҚО-да ақша бопсалаған депутатқа қатысты тергеу жалғасуда

ҚР ҰҚК істің мән-жайын тергеуде

289 0

Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, ұсталған соң жүрек талмасын алып, ауруханаға түскен ОҚО мәслихат депутаты Айдархан Орынбасаровқа қатысты қылмыстық істің мән-жайын ашты, деп жазады Today.kz.

"ОҚО мәслихат депутаты Айдархан Орынбасаров пен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚКД-ның өзге де тұлғаларына қатысты ҚР ҚК 194-бабының 4-тармағы 2-тармақшасында қарастырылған қылмыс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. 2016 жылдың 15 сәуірінде Айдархан Орынбасаровқа қатысты Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы сотының санкциясымен қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген ҚР ҰҚК-нің Today.kz редакциясына берген ресми жауабында.

Ведомствода сотқа дейінгі тергеу туралы өзге мәліметтер жарияланбайтындығын жеткізді.

Естеріңізге саслақ, Оңтүстік Қазақстан облысы маслихатының депутаты, "Алтын Орда" ЖШС директоры 53 жасар Айдархан Орынбасаровтың ақша бопсалау бойынша ұсталғаны 18 сәуірде белгілі болды. ОҚО мәслихатына Орынбасаров №25 округ атынан 20 наурызда өткен сайлау нәтижесі бойынша сайланған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!