Жезқазғанда полицейге зәрін шашқан жүргізуші қамауға алынды

Фотография - Жезқазғанда полицейге зәрін шашқан жүргізуші қамауға алынды

30 жастағы Қайрат Елубаевты екі айға қамауға алынды.

323 0

28 сәуір күні Жезқазған соты мас күйінде полицейге зәрін шашқан 30 жастағы Қайрат Елубаевты екі айға қамауға алды. Бұл туралы прокуратурадағы дереккөзге сілтеме жасап nur.kz порталы хабарлайды.

Көлік иесі Қылмыстық кодекстің төрт бабы бойынша айыпталуда. Атап айтқанда, "Билік өкілінің ар-намысына тию", "Билік өкіліне қарсылық көрсету", "Билік өкіліне күш көрсету" және "Бұзақылық".

Елубаевтың не себепті өткен жылдың желтоқсанында емес, бүгінгі таңда ғана қамауға алынғанын прокуратурада келесі себептермен түсіндірді:

"Төлеген Игібековке қатысты Қылмыстық іс тергелгенше, көлік иесі Елубаевты жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдау қиын болды. Бірақ бүгін сот куәгерлердің түсініктемелерін негізге ала отырып, шешім шығарды. Біз көлік иесін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселені дұрыс әрі уақытылы қойдық деп ойлаймыз", - дейді прокуратурада.

Игібековке қатысты қылмыстық істе Елубаев тек зардап шегуші болса, бұл істе ол айыпталушыға айналды.

1986 жыл туған Қайрат Елубаев өткен жылы желтоқсанның екісінен үшіне қараған түні полицейлерге қарсылық көрсетіп, олардың біріне өзінің зәрін шашып жіберді деп айыпталуда.

Зардап шегуші полицей зәр шашқанына жауап ретінде жүргізушіні шапалақпен ұрғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!