Астана жатаханасында сәбиін тастап кеткен ананың тұлғасы анықталды

Фотография - Астана жатаханасында сәбиін тастап кеткен ананың тұлғасы анықталды

Әйел адам Ақтөбеден табылды.

1233 0

Астана полициясы 22 сәуірде Ақмешіт көшесіндегі үйдің кіре берісіне жаңа туған сәбиін тастап кеткен ананың тұлғасын анықтады. 21 жасар акционерлік қоғам қызметкері Ақтөбеде қаласынан табылды, деп жазады Today.kz Астана қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Тергеу амалдары барысында полиция күдіктінің 4 сәуірде Астанаға жұмыс барысымен келген. 22 сәуірде жалдамалы пәтерде ұл баланы босанған, оны көрпешеге орап, кіре берістегі баспалдақ астына тастап кеткен. Келесі күні Ақтөбеге кетіп қалған. Қазіргі кезде тергеу тобы ҚР ҚК 119-бабы "Қауіпке қалдыру" бойынша тергеу амалдарын жүргізуде. Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп мәлімдеді полицейлер.

Естеріңізге салсақ, мерзімінен ерте дүниеге келген сәби 22 сәуірде мемлекеттік қызметкерлер жатақханасының қоқыс жәшігі маңынан түнгі уақытта табылған. Баланы жедел жәрдем балалар ауруханасына жеткізеді, ол бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!