Астанада есірткі диллерінен 5 келіден астам героин тәркіленді

Фотография - Астанада есірткі диллерінен 5 келіден астам героин тәркіленді

Салмағы 3 келіден астам "героин" есірткілік заттың сатқаны үшін Астана қаласының 41 жастағы тұрғыны ұсталды.

266 0

Астанада есірткі диллерінен 5 келіден астам героин тәркіленді, деп хабарлады жұмада елордалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, жедел-іздеу шараларын өткізу барысында Астана қалалық ІІД-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Арлан» арнайы бөлімшесінің жауынгерлері және ІІД-нің кинологиялық қызметімен бірігіп, қызметтік-іздеу иттерінің көмегімен есірткіге қатысты заңсыз іс-қимылдарға қатысты тұлғаларды ұстау, сондай-ақ елорда аумағында аса ірі көлемде есірткіні сату арнасын жабу бойынша арнайы операцияны жүргізді.

"Салмағы 3 келіден астам  "героин" есірткілік заттың сатқаны үшін Астана қаласының 41 жастағы тұрғыны ұсталды. Полицейлер тергеу шараларын өткізіп, оны тексеру кезінде үйінің ауласындағы құрылыстан сондай-ақ салмағы бес келіден астам героинді анықтады. Алынған есірткінің жалпы салмағы 9 келіге жуық болды. 

ІІД-нің мәліметінше, қара базарда алынған есірткінің бағасы шамамен 59 миллион теңгені немесе 40 мыңға жуық дозаны құрайды.

"Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 4-бөлімі бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Астана қалалық ІІД-нің Тергеу басқармасы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", — деп қортытылады баспасөз баянда.

Жыл басынан бері ІІД-нің бөлімшелері түрлі есірткілік заттардың 90 келісін заңсыз айналымнан шығарды. Есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық әрекеттердің 213 фактісі анықталған.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!