Қостанай облысында жұмыссыз адам вокзал теледидарын ұрламақ болған

Фотография - Қостанай облысында жұмыссыз адам вокзал теледидарын ұрламақ болған

None

241 0

28 сәуір күні сағат 15.40-та Тобол станциясындағы Желілік полиция бөліміне Лисаковск темір жол вокзалындағы кезекші бөлімнен белгісіз біреудің темір жол вокзалының күту залында тұрған теледидарды ұрламақ болғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Өз ойын іске асырып үлгермеген ол көлік полицейлерінің жедел қимылдарының арқасында қолға түсті. Ұрлық жасамақ болған азамат СҚО-ның 55 жастағы тұрғыны болып шықты, деп жазады көлік полициясының баспасөз қызметі.

Ұсталған азаматтың айтуынша ол ұзақ уақыттан бері жұмыссыз жүрген. Ұрланған затты Лисаковск қаласының базарына апарып сатып, түскен қаражатты өз қажетіне жаратпақ болған.

Аталған факт ҚР ҚК 188 бабы (Ұрлық) сотқа дейінгі тегеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!