ОҚО мыңға жуық адамды кене шаққан

Фотография - ОҚО мыңға жуық адамды кене шаққан

Қазіргі уақытта жәндіктердің шағуынан кейін медициналық мекемелерге келген 983 адам тіркелген.

871 0

ОҚО-да кене шаққан адамдар саны өте көп, деп хабарлайды Baq.kz. ОҚО ветеринарлық бөлімінің бастығы Базарбек Омаров хабарлап отыр.

Қазіргі уақытта жәндіктердің шағуынан кейін медициналық мекемелерге келген 983 адам тіркелген. Кене шаққан адамдардың саны екі есе өскеніне қарамастан, дезинфекциялық жұмыстар тиісті препараттардың жоқ болуы себебімен әлі басталмады. 
"Біз байқауға қатысу өтінімін қаңтар айында берген едік, бірақ мемлекеттік сатып алулар бойынша заңнамадағы өзгерістерге байланысты байқау өткізілген жоқ. Таяуда тағы бір рет қатыстық. Жеңімпаз белгілі болды. Алдағы уақытта қажеттінің барлығын сатып аламыз", - дейді ОҚО ветеринарлық бөлімінің бастығы Базарбек Омаров.
Оңтүстік Қазақстан облысында малды залалсыздандыру үшін аймақта 232 тонна ұнтақтәрізді препарат пен 47 мың тонна сұйық инсектицид қажеттілігі байқалады. Бүгінде Конго-қырым қанды безгегіне (КҚҚБ) 7650 кене зерттелді және 58 талдау оң нәтижесін берген.
Зерттеу кезінде оң қорытындысын көрсеткен кенелер Арыс, Мақтаарал, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас, Шардара аудандарында, Кентау, Түркістан қалалары және Шымкенттік әл-Фараби ауданында анықталған.
Мамандар үй малдары мен шаруашылықтарды өңдеу жұмыстары 3 мамырда басталатынын мәлімдеді. Бірақ конго-қырым қанды безгегін жұқтыра алатын кенелер дерлік бүкіл облыста анықталғанын есепке ала отырып, табиғатқа шыққанда және малмен жұмыс істегенде өте абай болу керектігін айтады.
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!