Алматыда Қарғалы өзені арнасынан асып, 14 үйді су басып қалды

Фотография - Алматыда Қарғалы өзені арнасынан асып, 14 үйді су басып қалды

Оқиға орнына 45 тонна құм мен 2000-нан астам қап әкелінді.

583 0

29 сәуір күні кешке қарай Қарғалы өзені арнасынан асып, Алатау ауданының Алғабас шағын ауданындағы 14 үйді су басып қалды, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше, қазіргі таңда оқиға орнында Алматы қаласы ТЖД өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметтерінің жеке құрамы, "Құтқару қызметі-109", Алатау ауданы ТЖ бөлімі мен "Алматы Тазылық" мекемесі жұмыс істеп жатыр.

Төтенше жағдайдың салдарын жоюға 70-ке тарта адам мен 17 техника жұмылдырылды. Қарғалы өзенінің арнасы мен үйлердің айналасына құм салынған қаптардан бөгет жасалып жатыр. Оқиға орнына 45 тонна құм мен 2000-нан астам қап әкелінді.  


Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!