Алматының Алатау ауданында су басу салдарымен әлі күресіп жатыр

Фотография - Алматының Алатау ауданында су басу салдарымен әлі күресіп жатыр

Құтқарушылар Қарғалы өзені арнасынан тағы да асуы мүмкін деп қауіптенуде

649 0

Алматының Алатау ауданында жауын-шашынның мол түсуіне және Қарғалы өзенінің арнасынан асуына байланысты үйлерді су басу салдарымен әлі күресуде, деп жазады Today.kz ҚР ІІМ ТЖ комитетінің өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасай отырып.

"Алатау ауданында қалыпқа келтіру жұмыстары түні бойы жүрді және әлі де жалғасып жатыр. Жағдай тұрақтанды, су толықтай кетті. Көшелерді тазарту және су көтерілу қайталнған жағдайға дайындық ретінде өзен жағасын су өткізбейтін материал салынған мөшектермен жиектеу жұмыстары жүруде", - дейді Иманқұлов.

Су басу салдарын жоюға Алматының ТЖД және өзге де түрлі қызметтері тартылған. Сонымен бірге бұл жұмыстарға Ұлттық ұлан күштері де тартылды. Барлығы 342 адам, 13 техника жұмыс істеуде.

Естеріңізге салсақ, Қарғалы өзені арнасынан асып, Алматының Алатау ауданы "Алғабас" ықшамауданындағы 14 үйді су басқан. Оқиға орнына суды бөгеу үшін 45 тонна материал жеткізілді. Мұның алдында Алматы ТЖД су тасқыны болуы мүмкін деген хабарлама таратқан. Қаланың Наурызбай ауданының тұрғыны болса оқиға орнына келген аудан әкіміне су тасқыны салдарымен жеке күресу үшін қолына күрек ұстатқан. Тұрғынның айтуынша, аудан әкімі оқиға орнына 29 сәуірде келу туралы өтінішін елемеген. Оның айтуынша, әкім тек келесі күні таңғысын ғана келген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!