Қызылорданың тергеушілері провокациялық суретті таратқандарды іздеуде

Фотография - Қызылорданың тергеушілері провокациялық суретті таратқандарды іздеуде

Оны Қызылорда қаласы полицейлерінің қолынан зардап шекті деп көрсеткен. Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды

630 0

Фотосуреттегі ер адам 2015 жылы ақпан айында Қытайда болған оқиғалар кезінде зардап шеккен, деп хабарлайды Baq.kz порталы Қызылорда облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

"Ағымдағы жылы мамырдың 1-і күні әлеуметтік желілер мен ұялы қосымшалар арқылы қанған боялған ер адамның суреті таратылды. Оны Қызылорда қаласы полицейлерінің қолынан зардап шекті деп көрсеткен. Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Оның астарында жалған әрі провокациялық мән бар. Ол фотосуреттің http://www.ajanshaberler.com/cinde-kopek-calandar-linc-edildi-41897.html сайтынан алынғаны белгілі болды. Суреттегі ер адам 2015 жылы ақпан айында Қытайда болған оқиғалар кезінде зардап шеккен. Осы провокация бойынша Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті тергеуді бастады. Провокаторлар жазаға тартылатын болады ", - делінген ресми хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!