Гималайда жоғалып кеткен альпинистің денесі табылды

Фотография - Гималайда жоғалып кеткен альпинистің денесі табылды

Альпенисттер 1999 жылы 8 мың метр биіктіктегі Шишабангма шыңына шыққан кезде қар көшкінінің астында қалған.

326 0

Гималай тауларында 16 жыл бұрын жоғалып кеткен екі адамның денесі табылды. Бұл туралы "Интерфакс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Белгілі асқарпаз Алекс Лоу мен оператор Дэвид Бриджес 1999 жылы 8 мың метр биіктіктегі Шишабангма шыңына шыққан кезде қар көшкінінің астында қалған. Өткен аптада екі альпинист олардың денесін тапты. BBC-дің хабарлауынша, қаза болғандарды киімдері мен құралдарына қарап таныған.

Алекс Лоу көпшілікке альпинистер қоғамдастығы арқылы танылған. Шыңға өрмелеу барысында көптеген әріптестерін ажалдан құтқарып қалған. Сол кездегі үздік асқарпаздардың бірі саналды. Ал Дэвид Бриджес операторлығымен белгілі.

Айта кетейік, Шишабангма шыңы биіктігі бойынша әлемде 14-ші орында тұр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!